Мемлекет басшысы «Төле би кесенесі» сәулет кешеніне барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «Төле би кесенесі» сәулет кешеніне барды

22.12.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға сапары аясында осы елдің президенті Шавкат Мирзиёевпен бірге Төле би кесенесіне зиярат етті. Аталған нысан Ташкент қаласындағы көрнекті орындардың бірі саналады.

«Төле би кесенесі» сәулет кешенінде қазақтың біртуар перзенті Төле би жерленген. Айта кетейік, Ташкент шаһарының аумағында орналасқан ұлы тұлғаның кесенесі XV ғасырдың бірінші жартысында салынған. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу