Солтүстік Қазақстан облысында егіс алқаптарын дәрілеу басталды   - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысында егіс алқаптарын дәрілеу басталды  

07.07.2016
Солтүстік Қазақстан облысында егіс алқаптарын дәрілеу басталды  

Солтүстік Қазақстан облысының  бірқатар егістік алқаптарында өсімдік дерті – сұр тат табылды. Соңғы жылдары бұл ауру көбейіп, диқандарды   біраз әбігерге салып отыр. 

«Жыл сайын егін піскенде ғана байқалатын тат, биыл тіпті ерте шықты», дейді мамандар. Бұған ауа райы  тікелей әсер етіп отыр. Мөлшерден тыс  ылғалдың  салдарынан  пайда болатын бұл ауру өсімдіктің суды сіңіру жүйесіне әсер етіп, жапырақтары  сарғайып түсіп қалады. Нәтижесінде, егіннің шығымы төмендейді.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу