К. Мәсімов «Нұр Ғасыр» мешітінде марқұмдарға құран бағыштау рәсіміне қатысты

15.06.2016
К. Мәсімов «Нұр Ғасыр» мешітінде марқұмдарға құран бағыштау рәсіміне қатысты

Бүгін Кәрім Мәсімов облыс әкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге  лаңкестікте қаза тапқан ақтөбеліктердің отбасына барды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Үкімет басшысы зардап шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты.

Бұдан кейін К. Мәсімов облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде қаза тапқандардың рухына бағыштап құран оқу рәсіміне қатысты.

Еске салсақ, 5 маусымда Ақтөбеде екі қару дүкені мен әскери бөлімге қарулы шабуыл жасалды. Оның салдарынан әскерилер мен азаматтық тұлғалар қаза тапты. Оның ішінде - 44 жастағы    «Паллада»  дүкенінің сатушысы Андрей Максименко, 69 жастағы зейнеткер Николай Онищенко, 35 жастағы Михаил Матросов бар.   «Күзет»  жекеменшік күзет ведомствосының 33 жастағы қызметкері Мерхан Тәжібаев қызметтік міндетін атқару барысында қаза тапты. 

Хабарламаларға жазылу