Он екі айдың сұлтаны - Рамазан айы басталды   - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Он екі айдың сұлтаны - Рамазан айы басталды  

06.06.2016
Он екі айдың сұлтаны - Рамазан айы басталды  

Бүгін әлемнің бүкіл мұсылмандары сағына күткен Рамазан айымен қауышты. Биыл мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша, ораза 29 күн. Осы жолы елімізде ораза, күннің ең ұзарған сәтіне сәйкес келіп отыр. Таңның атуы мен күннің батуы 17-18 сағатқа дейін созылады.

Рамазан – жылына бір рет келетін, сауаптар еселеніп жазылатын берекелі, қасиетті ай. Әрбір мұсылман баласы мұндай мүмкіндіктер айын жіберіп алмауға тырысады.

Хабарламаларға жазылу