Ғалым киіктерді сақтаудың жолын ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ғалым киіктерді сақтаудың жолын ұсынды

12.05.2016
Ғалым киіктерді сақтаудың жолын ұсынды
Бұл құбылыс алдағы күндері жаппай белең алады. Осы орайда 2010, 2011 және 2015 жылдардағы жағдайдың қайталанбауына көңіл бөлінуде. Ол кезде дала жануарлары пастереллездан өліп, дерттің дендеуіне жыбырлақ індеті себеп болған. Мұны ұзаққа созылған зертханалық жұмыстардың барысында оралдық ғалым Ғайса Абсатиров анықтады.

Қазір індет табылған аумақтарға ақбөкендерді жолатпау үшін мыңнан астам қарақшы орнатылған. Ғалымдар мұндай ауқымды жұмысты ауылдық округ әкімдіктерімен бірлесе атқарды. Сондай-ақ маман, киіктерді қырылудан сақтаудың тағы бір жолы, көктемде арнайы ветеринарлық топтар жасақтау,- дейді.

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу