Шығыс Қазақстан облысында танк биатлонынан жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстан облысында танк биатлонынан жарыс өтті

22.04.2016
Шығыс Қазақстан облысында танк биатлонынан жарыс өтті
Аягөз ауданындағы 10810 әскери бөлімінің базасында ұйымдастырылған сайысқа «Астана» «Оңтүстік», «Шығыс», «Батыс» өңірлік қолбасшылықтары мен Аэроұтқыр әскерлерінен барлығы 15 команда қатысты.

Экипаждар Т-72 танкісімен екі кезеңнен тұратын бәсекеге түсіп, түрлі бөгеттері бар жолмен жылдам жүріп өту және нысананы ату бойынша шеберліктерін көрсетті.

Берік КӨШЕРБАЙ

Хабарламаларға жазылу