Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев журналистермен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев журналистермен кездесті

12.02.2016
Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев журналистермен кездесті
Ең бастысы Қазақстанның қаржылық қауіпсіздігіне алаңдауға негіз жоқ. Елдің халықаралық резерві мен Ұлттық қордың активтері 90 миллиард долларды құрайды. Бұл ішкі жалпы өнімнің 50 пайызы.
Сондай-ақ, Данияр Ақышев теңге бағамының еркін айналымда болуы қалыпты жағдай екенін атап өтті. Курстың дереу әрі шұғыл өзгерістері қаржы ұйымының қадағалауында.
Бастысы банк ұлттық валютаға халық сенімін күшейтуді көздеп отыр. Бұл мақсатта банк өкілдері тұрғындарды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етіп, кеңес беруге әрдайым әзір екендерін жеткізді.

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу