Зеңгір көктің сақшылары дайындықтарын пысықтады

«Жаттығуда қиын болса, ұрыста жеңіл» деген қағида әскерилер үшін бұлжымас заң. Дегенмен, ел басына күн туатын сәттердің болғанын қаламаймыз. Алайда, әскерлердің дайындығын жоғары деңгейде ұстау өмір талабы. Қазақ әскерінің жоғары кәсіби дайындығы Қарағанды маңындағы 50185 әскери бөлімінің авиабазасында пысықталды.
Арқаның аспанын бұл торлап, ауа-райы құбылып тұрған сәттерде дыбыстан да жылдам ұшақтарды ұшырып-қондыру нағыз шебердің ғана қолынан келетін іс. Қарағандыдағы оқу-жаттықтыру ұшулары қазақ ұшқыштарының осындай шеберлігін көрсетті. Әскери ұшқыштар күрделі метеорологиялық жағдайда МиГ-31 ұшақтарын көкке самғатты.

«Біз күрделі метеорологиялық жағдайда, яғни, бұлттылықта ұшуларды пысықтаймыз. Бұл жерде ғана күрделі емес болып көрінеді. Алайда, биіктікте әртүрлі ауа қысымын, күшті желді және бұлттың төменгі шекарасын ескеру керек. Негізгі қиындық – ол көрінушілік. Одан басқа, күшті жел отырғызу кезінде ұшақты құлатуы мүмкін. Бірақ, біздің әуе корабльдеріміз кез келген метеожағдайларда, жылдың кез келген уақыты мен тәулігінде ұшулар үшін арналған. Ең бастысы – дайын экипаж болуы тиіс», - деді МиГ-31 ұшағының штурманы аға лейтенант Ерлан Ысқақов. «МиГ – бұл әуедегі қорғаушы. Ол әуе кеңістігінің көптеген шақырымын жауып, бүркейді, шептерімізді қорғайды. Ол 22-23 мың метр биіктікке көтеріле алады. Одан биігі – стратосфера», - деді ол.

МиГ-31 ұшағының командирі капитан Мадияр Арыстанбековтің айтуынша, мұндай оқу-жаттықтыру ұшулары аптасына үш рет, үш ауысымда өткізіледі. МиГ-31 ұшақтары тәуліктің кез келген уақытында, кез келген метеорологиялық жағдайларда – тұман, қарлы боран, аспанды сұр бұлт қаптаған кезде де ұша береді. Бұл ретте дыбысы зор жойғыш-басып алғыш өзінің жауынгерлік артықшылықтарын жоғалтпайды және шектеулі шағын, шағын, орташа және үлкен биіктіктерде әуе нысаналарын басып алу және жою бойынша жауынгерлік тапсырмаларды орындай алады.
50158 әскери бөлімі мамандарының айтуынша, МиГ-31 ұшағының аталған типтері мен оның модификацияланған түрлерінде ұшып жүрген әскери қызметшілер посткеңестік елдерде онша көп емес.
Kaznews.kaztrk.kz

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза жағалау»: Астанада Сарыбұлақ өзенін тазарту акциясы өтті
07.07.2026, 16:10
Конституциялық Сот бірқатар лауазымды тұлғаларды қайта тағайындауға қатысты норманы қолдану тәртібін түсіндірді
07.07.2026, 14:42
«Таза Қазақстан»: «Жасыл елдің» 80-нен астам сарбазы ескерткіш аумағын абаттандырды
07.07.2026, 12:52
Қазақстандықтар Құрылтай сайлауына қатысуға дайын ба? - Сауалнама
07.07.2026, 11:46
Америкадағы аладоп аламанының атмосферасы
06.07.2026, 20:21
Этна жанартауы оянды
06.07.2026, 20:18
Үндістанда нөсер жауын жауып, лай көшкіні жүрді
06.07.2026, 20:18
Шебер 30 жылда үш мыңнан астам домбыра жасаған
06.07.2026, 20:17