Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі балалар жәрдемақыдан қағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі балалар жәрдемақыдан қағылды

12.11.2015
Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі балалар жәрдемақыдан қағылды
Балалардың сырқаттары уақытылы анықталмаған соң, тиісті сауықтыру шаралары да жасалмаған.

Ақмола облысында мүмкіндігі шектеулі балалар тіркеуге қойылмай, жәрдемақыдан қағылған. Оның үстіне сырқаттары уақытылы анықталмаған соң, тиісті сауықтыру шаралары да жасалмаған.

Прокуратура қызметкерлері тексеру жүргізіп, осындай заңсыздықтарды әшкереледі. Мәселен, Астрахань ауданында 15-тегі жасөспірімге 3 жастағы баланың мүгедек арбасы берілген.

Бүгінде өңірде 7 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі бала мен оларды тәрбиелейтін 108 мекеме бар. Дегенмен, кемтар балалармен жұмыс істейтін мамандардың тапшылығы өзекті мәселе күйінде қалып отыр.

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу