Жастарды әскер қатарына шақыру аяқталды

Қазан айының 1 күні басталған азаматтарды мерізімді әскери қызметін өтеуге шақыру аяқталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазақ айында басталған әскерге шақыру науқаны кезінде Қарулы күштердің әскери бөлімдеріне 4 мыңға жуық жас сарбаз жіберілген.
Жалпы, биыл күзде жоспар бойынша 18 бен 27 жас аралығындағы 12 мыңнан астам ер азамат әскерге шақырылған. Олардың 4 мыңға жуығы Қарулы күштер сапына алынса, 2 мыңға жуығы ҰҚК Шекара қызметіне, 6 мың 500 ден астамы ІІМ Ұлттық ұланына, 300 ге жуығы Мемлекеттік күзет қызметіне алынған. Қазіргі кезде жас сарбаздарды тиісті бөлімдеріне жөнелту жалғасып жатыр.
Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімдерге жастарды жөнелту 19 қазан күні басталған. Соңғы топ 7 қараша күні өздері қызмет өтейтін бөлімге аттанады.
Жастарды әскерге шығарып салу салтанатты түрде ұйымдастырылып, әскери қызметтерін өтейтін орындарда оларды болашақ командирлері, офицерлер күтіп алады \"Олар«сарбаздарға жаңа жағдайға бейімделулеріне көмектеседі және мерізімді қызмет атқарғанға дейін бозбалаларға әскери істің негізін, қыр-сырын үйретеді», делінген Қорғаныс министрлігі таратқан баспасөз баянында.
Kaznews.kaztrk.kz

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04
Дәмханадағы жарылыс: Жарақат алғандардың бірі ауруханадан шықты
13.11.2026, 20:03