Отандық өндіріс дамып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық өндіріс дамып келеді

05.11.2015
Отандық өндіріс дамып келеді
Петропавлдағы «Мұнаймаш» зауыты өндірісті қайта жарақтандырудың арқасында еңбек өнімділігін едәуір арттырды.

Петропавлдағы «Мұнаймаш» зауыты өндірісті қайта жарақтандырудың арқасында еңбек өнімділігін едәуір арттырумен қатар, тауардың сапасын да жақсартып отыр. Соның нәтижесінде өнімге деген сұраныс күрт артып келеді.

Соңғы 3 айдың ішінде тек Ресейдің өзіне 60 миллион теңгенің өнімі экспортталуы соның нақты бір дәлелі.

Қазіргідей экономикалық қиыншылықтарға қарамастан, 100-ден астам адам еңбек ететін кәсіпорында жұмыс орнын қысқарту деген атымен жоқ.
Керісінше, нарықтағы бәсекелестікті тиімді пайдаланып өндіріс қарқынын арттыру басты назарға алынып отыр.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу