Норвегия мен Германия ғалымдары Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін зерттеуге қызығушылық танытуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Норвегия мен Германия ғалымдары Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін зерттеуге қызығушылық танытуда

28.10.2015
Норвегия мен Германия ғалымдары Қазақстанның археологиялық ескерткіштерін зерттеуге қызығушылық танытуда
Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.

Жыл сайын әлем жұртшылығының қазақ өнеріне, тарихына деген ықыласы ерекше. Мәселен, министр Астанадағы Ұлттық музейдің 5 ай ішінде 65 миллион теңге қаражат тапқандығын жеткізді.

Бүгінде кино өнеріне де инвестиция тарту мәселесі қарастырылуда. Ұлттық туындыларды 50/50 қағидаты бойынша, яғни, қаржының жартысын мемлекет, қалғанын шетелдік компаниялар есебінен түсіру көзделуде.

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу