Астанада «Капитал Строй Сервис» құрылыс компаниясының басшысы ұсталды

23.10.2015
Астанада «Капитал Строй Сервис»  құрылыс компаниясының басшысы ұсталды
Сарыарқа ауданының соты «Капитал Строй Сервистің» иесі Игорь Дмитриенконы тұтқындауға санкция берді.

Алдын-ала деректер бойынша, ол «Гранитный» тұрғын үй кешенінің 50-ге жуық салымшысының 222 миллион теңгесін жымқырған. Қазір күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Игорь Дмитриенконың қылмысы дәлелденген жағдайда 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу