![Ақтөбе облысында заңсыз саятшылық құрғандар ұсталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_17118.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Toyota Land Cruiser» автокөлігіне мінген 6 адам 50-ден астам ақбөкенді жайратып салған. Браконьерлерлер олардың мүйізін кесіп алып, өлекселерін далаға тастап кеткен.
Ұсталғандардың бәрі де Қызылорда облысының тұрғындары. Олардан 2 дана мылтық, оқ-дәрі және мүйіз кесетін аралар тәркіленді. Қазір аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Егер күдіктілердің кінәлары дәлелденсе, бес жылға дейін бас бостандығынан айрылады немесе 5 мың АЕК көлемінде айыппұл төлеулері тиіс.
Жақсыбек КЕМАЛ

![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысында заңсыз саятшылық құрғандар ұсталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/44669/)