Семейде пара алған полиция басшысы сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде пара алған полиция басшысы сотталды

14.10.2015
Семейде пара алған полиция басшысы сотталды

Әкімшілік полиция бастығының орынбасарына сот ашық түрде өтті. Оған қала тұрғынын жауапкершіліктен құтқару үшін пара талап еткен деген айып тағылған болатын. Оқиға биыл қыркүйек айында болған. Қаланың орталық көшесінде «Тоүота Саmry» жүргізушісі жолдың қарсы бетіне шығып ережені  өрескел бұзған.

Сотталған  полиция қызметкері Семей қаласында ондаған жылдар бойы құқық қорғау саласында лауазымды қызметтерді атқарған. Енді сот шешіміне сәйкес ол өмір бойы мемлекеттік қызметте  және жергілікті басқару органдарында жұмыс істеу құқығынан да айырылады. 

Ержан ЖАҚЫП                                                  

Хабарламаларға жазылу