Бүгін қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов экипаж мүшелерімен Байқоңырға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов экипаж мүшелерімен Байқоңырға барды

18.08.2015
Бүгін қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов экипаж мүшелерімен Байқоңырға барды

Мұнда экипаж мүшелері, кеме командирі, «Роскосмос» ғарышкері Сергей Волков, бірінші борт-инженер, Еуропалық ғарыш агенттігінің астронавты Андреас Могенсен мен екінші борт-инженер, «Қазғарыш» өкілі, жерлесіміз Айдын Айымбетовке  салтанатты түрде сый-құрмет көрсетілді.

Ғарышкерлердің көңіл-күйі көтеріңкі. Ал, Айдын Айымбетов өте сабырлы, өзі-өзіне сенімді екендігін байқатты. Қазақстандық ғарышкерге артылып отырған жүк салмақты.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу