Шетелдік бәйге аттарының орнына қазақы жылқылардың санын арттыру қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдік бәйге аттарының орнына қазақы жылқылардың санын арттыру қажет

12.12.2018

Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласынан кейін атбегілер ат баптау ісін мықтап қолға алмақ. Әсіресе, шетелден әкелетін бәйге аттарының орнына, қазақы жылқылардың санын арттыру қажет.

Президенттің мақаласын талқылаған Ұлттық спорттың жанашырлары осыны айтты. Олардың сөзінше, бұл мақала жылқыға айрықша көңіл бөліп, ат спортын әлемдік деңгейге көтеруге мол мүмкіндік береді. Сондықтан, тек жарыстарды өткізумен шектелмей, қазақтың ат үстінде жүрген жауынгер халық болғанын насихаттау міндеті тұр. Қазір Ұлттық спорт қауымдастығы құрамындағы алты федерацияға да осындай талап қойылған.

Бекболат Тілеухан – ҚР Ұлттық Спорт Қауымдастығының президенті:

Ат біздің қазақтың тек айбары ғана емес әлем алдында өркениетке қосқан сүбелі үлесінің айғағы сияқты нәрсе. Әлемдік өркениетке қосқан үлесіміз осы мақалада айқын айтылған. Сондықтан, бұл мақала ұлттық спорттың дамуына жаңа серпіліс беріп,  жаңа сатыға көтеретін осындай бір айрықша оқиға болды.

Аманкелді Сейтхан

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.       

Хабарламаларға жазылу