Қазақстанда тұңғыш рет Аэроұтқыр әскерлерінің десанттық биатлон сайысы басталды
Сайысты сарбаздар заңғар көктен парашютпен секіріп бастады. Әр қимылы уақытпен есептеулі топ мүшелері жұмылған жұдырықтай қимылдады.
Бұл биатлон бағдарламасындағы ең қауіпті сынақ түрі. Сондықтан, сарбаздардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін парашюттер жаңартылған.
800 метр биіктіктен сескенбей секіріп жерге түскен сарбаздар екінші сынға беттеді. Арнайы газтұмылдырықтарын киіп, көк түтіннің арасымен 200 метр қашықтыққа жүгіріп өтті.
Ал, сайысты сырттай бақылап жүрген Үндістаннан келген қонақтар ұйымдастырылу жұмысына жоғары баға берді.
Келесі жылы мұндай жарыс халықаралық деңгейде өтеді. Ал, биылға сынның қорытындысы 25- шілдеде белгілі болады. Әзірге 32363-ші әскери бөлімшенің десантшылары топ бастап келеді.
Аманкелді СЕЙТХАН
Автор
Аманкелді Сейтхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01