Шымкентте терроризм туралы ақпарат таратқан азамат ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте терроризм туралы ақпарат таратқан азамат ұсталды

30.06.2015
Шымкентте терроризм туралы ақпарат таратқан азамат ұсталды

Шымкентте бірнеше адамды кепілдікке алып, «террористік акт жасаймын», деп хабар таратқан азамат ұсталды.

Ол өзінің осындай әрекетке баратыны туралы Оңтүстік Қазақстан облысы Ұлттық қауіпсіздік  департаментінің кезекші бөліміне хабарлама жіберген.

Айтылған мекен жайға жедел жеткен Ішкі істер қызметкерлері дереу бес қабатты үйдің тұрғындары мен жақын маңдағы ойын-сауық мекемелеріндегі адамдардың барлығын сыртқа шығарып, оқиға орнын қоршауға алады.

Экстремизммен күрес басқармасы қызметкерлерінің жедел әрекеті арқасында жұрттың үрейін алған 52 жастағы азамат көп ұзамай қолға түсті.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, оның мінез-құлқында психикалық ауытқушылық бар.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу