Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының түлектері жауынгерлік тумен қоштасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының түлектері жауынгерлік тумен қоштасты

27.06.2015
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының түлектері жауынгерлік тумен қоштасты

Шарада радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 207 түлегі сап түзеді. Оқудағы жоғары көрсеткіштері үшін 13 курсант үздік дипломға ие болды, ал 4 түлек «Алтын белгі» төсбелгісімен марапатталды. Жас офицерлер «Мәңгілік Алауға» гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Институт курсанттары түлектер құрметіне гвардиялық дефиле өнерін көрсетіп, қарумен «Ақ жол» деген жазу жазды. Түлектер жауынгерлік тумен қоштасу салтанатында дәстүр бойынша тиыннан шашу шашты. Ең соңында, жас лейтенанттар өз жұптарымен бірінші рет «Офицерлік вальс» биледі. 

 

Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу