Өскемендегі №38 мектеп оқушылары еріктілер тобын құрып, жазғы оңалту лагерінің қызметкерлеріне көмек көрсетуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемендегі №38 мектеп оқушылары еріктілер тобын құрып, жазғы оңалту лагерінің қызметкерлеріне көмек көрсетуде

17.06.2015
Өскемендегі №38 мектеп оқушылары еріктілер тобын құрып, жазғы оңалту лагерінің қызметкерлеріне көмек көрсетуде

Бұл жерде 1 ай бойы олардың денсаулығын оңалту шаралары қарастырылған. Ал, мектеп оқушылары мүмкіндігі шектеулі балаларға қаланың көрікті жерлерін көрсетіп, арнайы саяхаттар ұйымдастыруда.

Мәселен, осы жолы 10-шы сынып оқушылары оңалту лагеріндегі балаларды этносаябаққа апарды.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесу туралы игі бастаманы мектептегі жастар өздері көтерген.

Жүректері мейірімге толы оқушылар оңалту лагеріндегі балалар үшін түрлі шаралар жоспарын құрып қойды. 

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу