Светлана Жақыпова: Елімізде 1 маусымнан бастап жұмыссыздарға әлеуметтік жәрдемақы төленеді

12.06.2015
Светлана Жақыпова: Елімізде 1 маусымнан бастап жұмыссыздарға әлеуметтік жәрдемақы төленеді

Елімізде 1 маусымнан бастап, жұмыссыздарға әлеуметтік жәрдемақы төленеді. Бұл - Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жаңа жобасы бойынша жүзеге асады.

Вице-министр Светлана Жақыпованың айтуынша, осы жылдың соңына дейін мүгедектікке қатысты жәрдемақы тағайындау бойынша бірқатар қызмет автоматтандырылады.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды техникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша жасалатын шаруалар, зейнетақы тағайындау мен бала тууға байланысты әлеуметтік жәрдемақылар дайындау да осы жүйемен орындалатын болады.

Мұның ыңғайлысы сол - азаматтар мекемелерге барып, тізім бойынша құжаттар тапсырып, табан тоздырмайды. Тек электронды үкімет порталында электрондық цифрлы қолтаңбасы болса болғаны.

Ал, жұмыссыздарға төленетін жәрдемақыға бәрі бірдей ие бола алмайды.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу