Павлодарда шыбын-шіркейлерді жою жұмыстары басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда шыбын-шіркейлерді жою жұмыстары басталды

05.06.2015
Павлодарда  шыбын-шіркейлерді жою жұмыстары басталды

Павлодарда шыбын-шіркей қаптап кетті. Зиянкестерді жоюға бюджеттен 158 миллион теңге қаражат бөлінген. Әзірге оның жартысы игерілді.

Бірақ, мамыр айының  ортасында басталған жұмыстардың нәтижесі айтарлықтай емес.

Мамандардың пікірінше, бұған өңірдегі өзен-көлдердің суының деңгейі шамадан тыс жоғарылауы себеп болып отыр. Оның үстіне су лайлы болғандықтан, биопрепараттардың шыбын-шіркей дернәсілін жоюға әсері аз.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу