Қазақстанда темекі шегетіндер саны азайған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда темекі шегетіндер саны азайған

29.05.2015
Қазақстанда темекі шегетіндер саны азайған

Қазақстанда темекі шегетіндер саны азайған. Дәл қазіргі уақытта  халықтың 22,4 пайызы шылым тартады.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары ұлттық орталығының директоры Жәмилә Баттақова мәлімдеді. 

Ересектер арасында жүргізілген сауалнамаға 4425 адам қатысқан.  47 пайыздан астамы темекіні тастауға ниет білдірсе, 12,6 пайызы бір жыл ішінде шылымнан бас тартатындарын айтқан.

Сауалнама 2014-2015 жылдар аралығында жүргізілген.

 

Тоғжан ЖАЛҒАСБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу