Баянауыл ұлттық табиғи паркі директоры мен бөлім басшысы пара алу кезінде ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баянауыл ұлттық табиғи паркі директоры мен бөлім басшысы пара алу кезінде ұсталды

16.05.2015
Баянауыл ұлттық табиғи паркі директоры мен бөлім басшысы пара алу кезінде ұсталды

Заң қанша күшейтілгенімен жемқорлық, тойымсыздық сынды жаман әрекеттерге бой алдырған шенеуніктер айыл жияр емес. Павлодарда «Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркі» директоры Болат Рахметов ұсталды.

Ол бұл қызметке екі жыл бұрын келген. Бір атап өтерлігі, Баянауыл аймақтағы туризм кластерін дамытуға қолайлы аумақ. Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр көлдері жағалауында демалыс орындары бар. Жаз келісімен туристер ағыла бастайды.

Ал, ұлттық парк табиғатты қорғау, экологиялық талаптарды сақтау және демалушыларға қызмет көрсету нысандарын салатын орындарды бөлуге жауапты мекеме. Бірақ, басшылық өз құлқынын көбірек ойлағанға ұқсайды. Құқық қорғаушылар директорды 500 мың теңге пара алып жатқан жерінде ұстады.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу