Қасым-Жомарт Тоқаев V Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі бойынша ұлттық комиссия отырысын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев V Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі бойынша ұлттық комиссия отырысын өткізді

04.05.2015
Қасым-Жомарт Тоқаев V Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі бойынша ұлттық комиссия отырысын өткізді

Парламент Сенатының Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен V Съезге әзірлік және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы болды.

Съезд 2015 жылғы 10-11 маусымда Астанада болады және діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік және даму жолындағы үнқатысуына арналады.

Спикер Н.Назарбаев бастамашысы болып табылатын діни форумның маңызы ерекше екеніне тоқталды.

Сенат Төрағасы Съездің тұжырымдамалық, идеологиялық және саяси мәселелері туралы ойларын ортаға салды, сондай-ақ, мекеме басшыларына тапсырма берді.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу