Қабиболла Жақыпов Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты Чаң Юнсокпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қабиболла Жақыпов Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты Чаң Юнсокпен кездесті

26.03.2015
Қабиболла Жақыпов Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының депутаты Чаң Юнсокпен кездесті

Жүздесу барысында Мәжіліс Төрағасы Корея Қазақстанның Шығыс Азиядағы маңызды стратегиялық әріптестерінің бірі екенін айтып, саяси, сауда-экономикалық саладағы жетістіктерге тоқталды.

Екі мемлекет арасындағы тауар айналымы өткен жылы 2 миллиард долларға жуықтаса, қазір Қазақстанда 800-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. 

Бұдан бөлек, спикер оңтүстіккореялық бизнес өкілдерін Астанада өтетін «EXPO-2017» халықаралық көрмесіне белсене қатысуға шақырды.

 

Индира БЕГАЙДАР

 

Хабарламаларға жазылу