Алматыда «Біз - таза қала үшін!» экологиялық акциясы жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Біз - таза қала үшін!» экологиялық акциясы жалғасуда

25.03.2015
Алматыда «Біз -  таза қала үшін!» экологиялық акциясы жалғасуда

Алматыда қала тазалығын сақтауға арналған «Біз - таза қала үшін!» экологиялық акциясы жалғасуда.

Бүгін Бостандық ауданында орналасқан жоғары оқу орындарының студенттері демалыс саябақтарында тазалық жұмыстарын жүргізді.

Тұрғындар жасыл желектерді күтудің маусымдық жұмыстарын бастады. Сондай-ақ, шараға жастар ұйымдарының өкілдері атсалысты. Акцияға қаланың әрбір тұрғыны үлес қоса алады.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу