Қызылордада салынып жатқан үйдің бетондары құлап бір адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада салынып жатқан үйдің бетондары құлап бір адам қаза тапты

25.03.2015
Қызылордада салынып жатқан үйдің бетондары құлап бір адам қаза тапты

Қызылордада «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы бойынша салынып жатқан үйдің бетондары құлап, бір адам қаза тапты.

Бұл туралы бүгін облыс әкімі аппаратының Жұмылдыру жұмыстары және дағдарыс жағдайындағы шұғыл талдау орталығының басшысы Жасұлан Шынтасов мәлімдеді.

35 пәтерлік бес қабатты үйдің іргетасы сөгіліп, соның салдарынан ғимараттың үстіңгі қабаттарындағы бетон опырылып ортасына түскен.

Дәл сол уақытта оқиға орнында 10 адам жұмыс істеп жатқан. Мерт болған азаматтың өзбекстандық екені белгілі болды.

Құрылыстың бас жобалаушысы - «ССК-Проект» ЖШС, бас мердігер - «Дәнекер» серіктестігі, қосалқы мердігер - «Ердан және К» компаниясы.  

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу