Астанада көктемгі судың тасуына дайындық пысықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада көктемгі судың тасуына дайындық пысықталды

14.03.2015
Астанада көктемгі судың тасуына дайындық пысықталды

Су – тіршіліктің көзі болғанмен де, адам баласы үшін алып келер зардабы да бар. Соның бірі, жыл сайын еліміздің бірқатар аймақтарында байқалатын сел. Ал мынау алып бөгет, сол селдің бетін қайтарып, жұрттың тыныштығын күзететіп тұр десек те болады. Ашылғанына төрт жылдан енді асқан бұл нысан, 2013 жылы 14 миллион 500 мың текше метр, 2014 жылы 142 миллион текше метр суды қабылдаған. Нысанның осы көктемге дайындығы да мығым.

Шаймерден Сарыбаев: «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі Орталық Қазақстан аймақтық пайдалану басқармасы филиалының жетекшісі:

Көктем уақытында осында бригада жасақтаймыз. Аваринный бригада. Жиынтық дайындап қоямыз. Мишка тары, гсм. Кезекшіклер тәулік бойы кезекшілікте тұрады.

Көктем кеш келетін Астанаға селдің қауіпі әзір сезілмейді. Себебі, аяздың беті әлі қайта қоймаған, жердің беті қалың. «Бірақ, алдын ала дайындалу артықтық етпейді»,-дейді бөгет басынан табылған «Казгидромет» мамандары.

Баян Сазанова, РМК «Қазгидормет» орталығының директоры:

Осы келе жатқан күндері қар жауады. Ауа темперратурасы түнде 8-13, күндіз 0-5 градус аяз болады. Су тасқыны туралы сәуір айында айтуға болады. Себебі, нағыз көктем сол кезде. Жауын-шашын көп болады, қар ери бастайды. Ол наурыздың аяғы, сәуірдің басында. Сол кезде су тасқыны болуы ықтимал.

Бір сәтте, 450 миллион текше метр суға төтеп бере алатын Астананың айналасында мұндай бөгеттердің бесеуі бар. Барлығы жаңа стандарттарға сәйкес жұмыс жасайды, заманауи техналогиямен қамтамасыз етілген.  Бұлардан бөлек, кеңестік кезде жұмыс жасап, қазір жараусыз қалған 28 бөгет бар екен. Қазіргі таңда оларды да қайта жөндеуден өткізіп, қайта іске қосу қарастырылып отыр.

Есенгелді Мейрамов, «Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің жетекшісі: 

Қазіргі таңда, біз арнайы комиссия құрып, қараусыз қалған бекеттерді арнайы тексеруден өткізіп жатырмыз. Егер, солардың барлығын қайта іске қоссақ, су тасқынына қарсы тұру әлде қайда жеңілдеп қалады.

Халық тыныштығын күзететін, алып бөгет осы жылы да өз күшін бір сынамақ. «Не болса да, судың бетін қайтаруға нысанның қауқары жетеді, бізде сақадай сай тұрмыз»,-дейді бөгет басындағы мамандар. 

Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу