Астанада «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVI съезі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVI съезі басталды

11.03.2015
Астанада «Нұр Отан» партиясының кезекті ХVI съезі басталды

Елордадағы Тәуелсіздік сарайына 2 мыңға жуық адам жиналды. Олардың ішінде 1200-ден астам делегат, Парламент депутаттары, мемлекеттiк басқару органдары мен  зиялы қауым өкiлдерi бар. Алғаш рет  съезге қатысушылардың 20 пайызға жуығын бастауыш партия ұйымдарының басшылары құрауда.

Бүгін жиын барысында күн тәртібіндегі көкейкесті мәселе – Қазақстан Президенттігіне «Нұр Отан» партиясы атынан үміткер ұсыну жайы қаралмақ. Сондай-ақ, партияның саяси кеңесі мен орталық бақылау-ревизиялық комиссиясы жұмысының қорытындылары талқыланады.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу