Оңтүстіктік жастар саяси белсенділігін арттыру жөнінде пікірталас өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстіктік жастар саяси белсенділігін арттыру жөнінде пікірталас өткізді

06.03.2015
Оңтүстіктік жастар саяси белсенділігін арттыру жөнінде пікірталас өткізді

«Сайлау процесіндегі жастар белсенділігі». «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысының ұйытқы болуымен жастар осы тақырып аясында өзара пікірталас өткізді.

Қалалық пікірсайыс турнирінен іріктеліп шыққан екі топ көпшіліктің қатысуымен американдық парламенттік форматта сөз сайыстырды. Екі түрлі бағытты ұстанған командалардың қызу пікірталасы бір сағатқа созылды.  Турнир соңында қазылар алқасы пікірсайыс жеңімпазын анықтады.

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу