Халықтың таңдауы - елдің қалауы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың таңдауы - елдің қалауы

21.02.2015
Халықтың таңдауы - елдің қалауы

Еліміздің басты саяси оқиғасын партиялар басшылары, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар, зиялы қауым өкілдерімен бірге қарапайым халық та қызу талқыға салып, бастаманы қолдайтындықтарын жеткізіп жатыр. Әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан саяси тұрақсыздықты, экономикалық құлдырауды көріп, естіп отырған олар Ассамблея бастамасын уақытында көтерілген ұсыныс деп санайды.

Өнеркәсіптік саланы дамытуға бағытталған Қазақстан автомобиль қауымдастығының қызметі дамудың жаңа кезеңіне бастау алды. Бұл - аталған салаға ерекше көңіл бөлудің арқасы дейді,-мамандар. Қазақстан қысқа уақыттың ішінде барлық әлемдік қоғамдастыққа танылып, экономиканың көшбасшысы бола алған мемлекетке айналды.

Жүргізіліп жатқан экономикалық-әлеуметтік реформалар елімізге бірлік пен келісімді және ынтымақтастықты қамтамасыз етті. Бұл жалғасын тапсын десек, сайлау өткізуді «бірауыздан қолдау керек»,- дейді қауымдастық өкілдері. 

Президент сайлауын биыл өткізу, жаһандық дағдарыстың әсерін азайту бағытындағы іс-жоспардың тиянақты іске асуына мүмкіндік береді. Қазір өндіріс көлемін төмендетпеу, жұмыс орындарын сақтау шаралары жүріп жатыр. Бұл - елдегі тұрақтылықтың арқасы дейді, оралдық жұмысшылар.

Ал қарағандылық экономистер болса сайлауды биыл өткізіп жіберу бюджетке айтарлықтай салмақ салмайды, керісінше оның саяси дивиденттерінің құндылығы жоғары екенін айтады.

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу