Астана жеті бағыт бойынша дамиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана жеті бағыт бойынша дамиды

18.02.2015
Астана жеті бағыт бойынша дамиды

Қала ауасының ластануы мен Астана аспанында тұнып қалған түтін – жер үйлердің жиі отын жағуы мен транспорттың салдары.

Сондықтан қара отыннан бас тартуымыз тиіс, деді елорда жұртына есеп берген қала әкімі Әділбек Жақсыбеков.

Қала әкімі бас қаланың 7 бағыт бойынша дамитынын айтты. Әуелі, әлеумет үшін 2015 жылы «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 1,5 мыңға жуық баспана берілмек.

Энергетикалық кешенді жаңарту үшін елордадағы екі жылу электр орталығының модернизациясы мен үшінші орталықты ашу көзделген.

«Қала тұрғындарының көбі қоғамдық көліктің жетіспеушілігіне арызданады» деген әкім транспорт түрін түгел жаңартатынын жеткізді.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу