Талапкер елді мекенінің тұрғындары ауылды қардан тазартуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талапкер елді мекенінің тұрғындары ауылды қардан тазартуда

17.02.2015
Талапкер елді мекенінің тұрғындары ауылды қардан тазартуда

Астана қаласының іргесіндегі Талапкер елді мекені көктемге дайындалып, ауыл іргесін тау болып үйілген қардан тазартып жатыр.

Жыл сайын қыс қаһары қайтып, көктем шуағы түскенде ауылды су басып, тұрғындардың мазасын алатын.

«Сырттан көмек күтпей, өзіміз еңбектеніп жатырмыз. Игі бастамаға ауылдың жеке кәсіпкерлері қолұшын созды. Бірі техникасын берсе, бірі оған қажетті жанармай ұсынуда», дейді ауыл әкімі Нұртуған Мұзамелов.

 

Дәулетхан АҚАЙДАРОВ

Хабарламаларға жазылу