Жарма ауданында жылу қазандығын орнатқан мердігер компания мемлекет қаражатын мақсатсыз жұмсаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жарма ауданында жылу қазандығын орнатқан мердігер компания мемлекет қаражатын мақсатсыз жұмсаған

02.02.2015
Жарма ауданында жылу қазандығын орнатқан мердігер компания мемлекет қаражатын мақсатсыз жұмсаған

Екі жылдан кейін қазандық іске қосылуы тиіс еді. Алайда алматылық «СМП-Алматы» ЖШС ісіне жауапсыз болып шыққан.

Құрылысты аяғына дейін жеткізбей, 130 миллион теңгенің жұмысын атқармай ізім-ғайым жоқ болған.

Жаңа қазандық 1300-ден астам тұрғыны бар Шуақ кентін жылумен қамтуға аса қажет.

Өйткені қазір елді мекенге елу жыл бұрын салынған ескі қазандық жылу беріп тұр.

 

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу