Соттар қызметінің тиімділігін бағалау тақырыбында халықаралық семинар өтті

21.01.2015
Соттар қызметінің тиімділігін бағалау тақырыбында халықаралық семинар өтті

Сот қызметінің тиімділігін әлемдегі үздік үлгілерге сүйене отырып дамыту кезек күттірмес мәселе. Шараның ашылу рәсімінде сөз алған Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми осылай деді.

Семинарды өткізудегі мақсат – шағын және орта бизнес өкілдерінің сотқа деген сенімін саралау.

Мәселен, 7 мыңнан астам кәсіпкерден сұрақ-жауап алынған. Сұралғандардың 70 пайызы отандық сот жүйесінің шешімінің әділ екенін айтып берген.

«Жалпы айтқанда, бұқараның соттарға деген сеніміне селкеу түспеген», - дейді халықаралық сарапшылар.

Хабарламаларға жазылу