![Алматыда Татьяна Шевцова-Валоваға қатысты алдын ала сот отырысы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_71405.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Осыдан 7 ай бұрын әлеуметтік желінің 11 пайдаланушысы Татьяна Шевцованың Facebook әлеуметтік желісіндегі ұлтараздықты қоздыратын бірнеше пост жазғанын айтып, ІІД-не арыз түсірген.
Бүгін айыпталушы қорғаушысының келмеуіне байланысты сот отырысы 23-қаңтарға шегерілді.
Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Бірнеше скринге филологиялық талдау жасалған.
Жазбаларда тек ұлтараздықты қоздыру ғана емес, сепаратистік әрекетке бару белгілері де көрініс тапқан.
Егер айыбы дәлелденетін болса, 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Ал, айыпталушы Facebooк парақшасындағы посттарды менің атымнан басқа біреу жазған деп ақталуда.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда Татьяна Шевцова-Валоваға қатысты алдын ала сот отырысы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/38416/)