Судьяларға әкімшілік айыппұлды жеңілдету құқы берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Судьяларға әкімшілік айыппұлды жеңілдету құқы берілді

12.01.2015
Судьяларға әкімшілік айыппұлды жеңілдету құқы берілді

Бұл туралы Орталық комуникациялар қызметінде өткен брифингте белгілі болды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы жаңа Заң жобасы бойынша бұл жеңілдіктер өз әрекетін бұрыс деп танығандар мен кәмелеттік жасқа толмағандар және аяғы ауыр әйелдер үшін қарастырылған.

Сондай-ақ, жауапты орган құжатты қайта қарау барысында бірнеше бағытқа басымдық берілгендігін айтты.

Оның негізгілері әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайтын уәкілетті органдардың құзыретін қайта қарау мен әкімшілік жауапқа тарту жолдарын жаңғырту.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу