Қарты бар елдің қазынасы мол - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарты бар елдің қазынасы мол

12.01.2015
Қарты бар елдің қазынасы мол

Жасы 70-тен асып кетсе де ата өнерді сақтау үшін атсалысып жүрген ел ағасы бұл игілікті істі Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында ұлт тарихын түгендеуге қосқан үлесім, дейді.

Ғайнитден Әбдірахманов жасаған бірқатар бұйымдарын Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында облыстық тарихи-өлкетану мұражайына табыстаған.

Дәстүрлі тұрмыстық заттардың қатарында біз білетін бесік, ұршықтан басқа асатаяқ, алаша тоқитын өрмек құрылғы, тері созғысы, сапсалғы, сыдырғы сынды 20-дан астам ұмытылып бара жатқан көне бұйымдар бар. Енді олар мұражай төрінен өзінің орнын тапты.

Ұлт тарихын зерттеп, зерделеп, оның жоғын түгендейтін осы Ғайнитден Әбдірахманов сынды азаматтар. Жыл бойына осындай ынта танытушылардың арқасында облыстық мұражай қорына 200-ден астам жәдігер қосылған.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу