
Қазақ ұлтының сақталуы, егемен ел ретіндегі өркендеуінің бастауы Тәуелсіздікке келіп тірелетіні анық. Сондықтан да қазақ үшін мерекенің ұлысы – Тәуелсіздік күні.
Тәуелсіздік ұғымының байыбына бару үшін алдымен тарихқа терең бойлау қажет. Осы мақсатта назарларыңызға Қазақ елінің Тәуелсіздік алғалы бергі жеткен жетістіктерін назарларыңызға ұсынамыз.
1993 жыл
1993 жыл. 28 қаңтар – ҚР-ның алғашқы Конститутциясы қабылданды.
Халық депутаттары Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы жобасын тұтастай қабылдауға дауыс берді. Сол күні кешке Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдауға арналған Жоғарғы Кеңестің салтанатты мәжілісінде сөйлеген сөзінде Н. Назарбаев қазақстандықтарды ҚР Конституциясының қабылданумен құттықтады. Конституцияның қабылдануы мемлекет болып қалыптасуға, Ұлтық Тәуелсіздікті қамтамасыз етуге, азаматтардың құқығы мен бостандығының кепілдігін бекітуге негіз қалады.
Конституцияда мемлекеттік билікті Заң шығарушы, сот, атқарушы биліктеріне бөлу принципі бекітілген. Конституцияның басқа заңдарға тікелей әсер етуі және олардан жоғарғы тұру принципін іске асыру көзделген.
Алғашқы демократиялық Конституция қабылдануы – Қазақстан өміріндегі тарихи, кең көлемді жаңалық. Ол біздің Республикада жаңа үлгідегі қоғам орнатуға шынайы перспективалар ашты, барлық қазақстандықтардың болып жатқан өзгерістерге және егеменді Қазақстанда жаңаша өмір сүру мумкіндігіне сенімінің нығаюына ықпал етті. Бұл күн республика тарихына кірді.
1994 жыл
1994 жылы 16 ақпанда Қазақстан ядролық қаруы жоқ ел ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды. Ата Заң негізінде 1994 жылы наурыз айында алғаш рет парламенттік сайлау өткізілді.Сол жылы парламент таратылды.
1994 жылы 27 мамырда Қазақстан НАТО-ның «Бейбітшілікке арналған серіктестік» бағдарламасының 19-шы қатысушы мемлекеті болды.
1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.
1994 жылы 5 желтоқсанда Будапештте Ұлыбритания, Ресей және Америка Құрама Штаттарының басшылары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы меморандумға қол қойды.
1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді. Талғат Мұсабаев «Союз-ТМ6» ғарыш кемесімен көкке самғады.
1995 жыл
1995 жыл - Абай жылы болып жарияланды.
1995 жылы 12 қаңтарында Президент Жарлығымен қазақ ғарышкерлері Т.О.Әубәкіровке, Т.А. Мұсабековқа, Ресей ғарышкері Ю.И. Меленченкоға -«Халық Қаһарманы» атағы беріліп, жоғары ерекшелік белгісі -«Алтын Жұлдыз» тапсырылды. Т.А. Мұсабековқа, Ю.И. Меленченкоға «Қазақстанның ғарышкер ұшқышы» құрметті атағы берілді.
1995 жылы 1 наурызда Президент Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық-кеңесші орган - Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы ашылды.
1995 жылы 29 сәуірде өткізілген бүкілхалықтық референдумда сайлаушылардың 95,4 пайыз Президент өкілеттілігінің мерзімін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуды жақтап дауыс берді.
1995 жылы 26 мамырда Қазақстан аумағынан ядролық қарудың соңғысы шығарылды.
1995 жылы 3 шілдеде Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы» Қаулысы шықты.
1995 жылы 30 тамызда Конституциялық өзгерістер процесі аяқталып, қазіргі Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы қабылданды.
1996 жыл
1996 жылы 25 мамырда Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа, сонымен қатар «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды.
1996 жыл - ұлы ақын-импровизатор Жамбыл Жабаев жылы болып аталды.
1996 жылы 3 сәуірде Қазақстандағы қазақ ұлтының азаматтары құжатқа тари хи халық дәстүрге сәйкес өз әкесінің аты-жөнін, ата-бабасының атымен жаздыруға мүмкіндік алды.
1996 жылы 30 қыркүйекте Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу (ЯСЖТ) шартына қосылды.
1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуына байланысты 16 желтоқсанда «Тәуелсіздік монументі» ашылды.
1997 жыл
1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы қабылданды.
1997 жылы 8 қарашада мемлекеттік рәміздер мен Қазақстан Президентінің байрағын Алматы қаласынан Ақмола қаласына табыс ету салтанаты өтті.
1997 жылдың 20 қазанындағы «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» № 3700 Жарлығына сәйкес, Ақмола қаласы ресми түрде 1997 жылдың 10 желтоқсанынан астана болып саналады. 1998 жылдың 10 маусымы - астананың тұсаукесер күні ретінде белгіленеді.
1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауы жарияланды.
1997 жыл -халықтық жалпы келісім мен саяси репрессия құрбандарына арналған жыл болып, «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.
