107 дастанды жатқа айтатын қиссагер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

107 дастанды жатқа айтатын қиссагер

29.11.2014
107 дастанды жатқа айтатын қиссагер

Сексеннің сеңгіріне шыққан Қазым есімді қарияны халық бұлай атауы кездейсоқ емес. Адамның аузынан естігенін дереу есте сақтап, арада қанша жыл өтсе де қаз қалпында айтып бере алады. Қазым ата бұл ерекше қабілетін  ұлтымыздың игілігіне жарата білген. Жастайынан қазақтың қисса-дастандары мен жыр-өлеңдерін жаттаумен  айналысқан. Бүгінде ол ең көп қисса-дастан  білетін қазақ болып саналады.

Қазым Әлменұлының  жасы  биыл секcен бесте . Бойына дарытқан ерекше қасиетінің арқасында, осынша ұзақ ғұмырынң әрбір сәті есінде.  Жастайынан ұлтымыздың жыр-өлеңдеріне, қисса-дастандарына ерекше ынтық болып өскен.  «Cауатсыз өстім, а деген әріп танымадым», дейді  қария. Сондықтан ел аузынан естігендерін жадына мықтап  сақтауына тура келіпті.

Қазым ата жатқа білетін жыр-қиссаларды жинақтағанда қалың төрт томдық кітап шыққан екен. Бұл қазына қарияның жадындағы дүниенің шағын бір бөлігі ғана. «Қазым шалдың миындағыны  түгел ақтару үшін қасында айлап, жылдап жатсаң да жеткіліксіз»,-дейді жергілікті жұрт.

Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу