Еңбек еткеннің – ертеңі жарқын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еңбек еткеннің – ертеңі жарқын

28.11.2014
Еңбек еткеннің – ертеңі жарқын

2000 жылы Кооператив техникумын тәмамдаған Наталья еңбек жолын есепшілік қызметтен бастады.

Бірақ, нәрестелі болған соң кенеттен жабысқан дерт оның барлық арман тілегіне тұсау салды. ІІ топтағы мүгедекке айналып, төрт жыл бойы қайнаған өмірден шет қалып, төрт қабырғаға қамалды.

Сондықтан биылғы жылдың басында мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмысқа шақырғанда, оның бойын үміт пен күдік қатар биледі.

«Үміт» қоғамдық қоры кемтар жандарға рухани-тұрмыстық жағынан көмектесуді мақсат етіп құрылған.

Түрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастырады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу