Өмірі өнегелі ардагер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өмірі өнегелі ардагер

10.11.2014
Өмірі өнегелі ардагер

Соның бірі Жалпақтал ауылының тұрғыны Жұмат Сәрсенбиев. Жасы 92-ге таяған ақсақал аудандағы түрлі қоғамдық-мәдени шаралардың құрметті қонағы.

Соғыс ардагері тоқсанның табалдырығын аттаса да әлі тың. Ауыл өміріне белсене араласып, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне үлес қосып келеді.

Даңқ алаңында ақсақал кезекті рет майданнан оралмаған боздақтарды еске алып, жастарға бейбіт өмірдің маңыздылығы туралы әңгімеледі.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу