Сапасыз немесе мерзімі өтіп кеткен азық-түлік сатқан дүкендерді жауып тастау қажет

03.11.2014
Сапасыз немесе мерзімі өтіп кеткен азық-түлік сатқан дүкендерді жауып тастау қажет

Осы жиында, тұтынушылардың құқығын қорғау ұйымының өкілдері, сапасыз өнім пұлдайтындар жайлы біраз мәселені жайып салды.

Олардың айтуынша: Қайсібір пысықайлар, үлкен сауда үйлерімен алдын ала келісіп ап, олардың мерзімі өтіп кеткен, қоқысқа тасталуы керек тауарларын көтерме бағада сатып алады екен.

Сосын әлгі өнімдердің ескі этикеткасын алып тастап, орнына жаңа қағаз жапсырып, жұртқа сатып жатыр.

Техникалық реттеу комитеті осындай ондаған фактіні анықтап, 366 миллион теңгенің сапасыз тауарын сатылымнан алып тастадық, деп отыр.

 

Нұрбек БЕКБАУ

Хабарламаларға жазылу