Аудандық мәслихат сайлауы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аудандық мәслихат сайлауы өтеді

23.10.2014
Аудандық мәслихат сайлауы өтеді

Жамбыл облысында алдағы жексенбі күні Жуалы аудандық мәслихатының нөмірі 1-ші және 8-ші сайлау округтерінен шығып қалған депутаттардың орнына қайта сайлау өткізіледі.

Бүгінде бұл шараға дайындық жұмыстары толығымен аяқталған. Сайлауды бақылауға 2 округтік, 8 учаскелік комиссиялар бекітіліп, қажетті жабдықтармен қамтылған. 

Жалпы екі округ бойынша жексенбі күні 4 мың 58 сайлаушы дауыс беруі тиіс. Ал, босаған екі депутаттық орынға 4 үміткер тіркелген. Қазір олар елді мекендерді аралап жергілікті жұртшылықпен жүздесуде.

 

Аягөз ҚҰЛМАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу