Ақмола облысында бензин ұрлаған полицейлер 7 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында бензин ұрлаған полицейлер 7 жылға сотталды

01.02.2023

Ақмола облысында бензин ұрлаған полицейлер 7 жылға сотталды. Олар өзара келісіп, құны 100 млн теңге болатын жанармай талондарын қолды еткен. Тәртіп сақшыларының қылмысын облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті тексеріс барысында анықтады. Бас бостандығынан айырылған полиция подполковнигі мен капитанға мемлекеттік ұйымдар мен квазимемлекеттік секторларда қызмет атқаруға тыйым салынды.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу