Балабақшада ата-аналардан заңсыз ақша жиналған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балабақшада ата-аналардан заңсыз ақша жиналған

11.10.2014
Балабақшада ата-аналардан заңсыз ақша жиналған

Құжаттарды рәсімдейміз деген Алматы облысы, Іле ауданы, Боралдай ауылындағы «Гүлдер» балабақшасының басшылары ата-аналардан  мақсатсыз ақша жинаған.

Баласы осы бақшаға баратын кісілердің әр қайсысы 1 мың теңгеден бергенін айтады. Алайда қаржының нақты қандай мақсатта жұмсалғаны белгісіз.

Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары барлық құжатты ақысыз рәсімдейміз десе, балабақша басшылары жауаптан жалтаруда.

Алдағы уақытта «Гүлдер» жартылай жекеменшік балабақшаның мәселесі Іле аудандық аудандық оқу бөлімінің жіті назарында болмақ.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу