Қытайда Құрбан айт ұлықталуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда Құрбан айт ұлықталуда

07.10.2014
Қытайда Құрбан айт ұлықталуда

Биылғы Құрбан айтта қытайлық мұсылмандар ерекше қуанышты. Себебі қасиетті мереке бұл жолы Қытай Халық Республикасының құрылған күніне  сәйкес келді.

Жалпы Қытайда 30 мыңнан астам мешіт болса, 75-і Бейжіңде. Жетпіс бестің ішіндегі ең көнесі Ньючжие мешіті. Кезінде ислам дінін насихаттап келген араб елшілері негізін қалаған.

Биыл Ньючжие мешітінде 40 бас ірі қара және жүзге жуық қой құрбан шалынды. Дәстүр бойынша құрбандыққа құран оқылып, дұға етілді.

Биыл Қытайда сан мәрте болған экстремистік әрекеттен кейін, діни мереке күндері қауіпсіздік шаралары ерекше күшейтілген.

Дәурен БАУЫРЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу