Шығыс Қазақстанда Сенат депутаттарының сайлауы жоғары деңгейде өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда Сенат депутаттарының сайлауы жоғары деңгейде өтті

02.10.2014
Шығыс Қазақстанда Сенат депутаттарының сайлауы жоғары деңгейде өтті

Бүгін Сенат сайлауының ресми қорытындысы жарияланады. Кеше түске дейін барлық облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларында Парламенттің Жоғарғы палатасына депутаттар сайланды.

Соның бірі Шығыс Қазақстанда заңға сәйкес, таңғы сағат 9-дан сайлаушылар тіркеуден өтті. Бұдан соң олардың бірлескен отырысы болды. Тіркелген екі үміткердің қайсысы Сенат депутаты болатынын жергілікті мәслихаттың 308 депутаты анықтады. Саяси науқанның өту барысын Ресейдің Алтай өлкесінен арнайы келген екі бақылаушы   жіті қадағалап отырды.

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу